Фитониринг


Фитотерапия тарихына мыңдаған жылдар толады. 21 ғасырда фитотерапияның қайта жаңғыруы немен байланысты? Өсімдік дәрілеріне деген көзқарастың өзгеруінің басты себебі – химиялық дәрі-дәрмектерді қабылдаудан кейінгі асқынулар жиілігінің жоғары деңгейінде.

Мәселен, АҚШ-та жағымсыз жанама реакциялардың дамуы салдарынан жыл сайын дәрілік заттарды қолдануға байланысты асқынулардан кейін 5 млн. 8,8 млн. дейін науқастар ауруханаларға жатқызылады, және 200 мың адам қайтыс болатыны анықталды. Францияда 1997 жылы ауруханға жатқызылған барлық науқастардың 10%-ға жуығын жағымсыз жанама реакциялары бар науқастар құрады. Барлығы жанама әсерлер 1 300 000 аса науқастарда пайда болды, олардың 33%-ныкі қатерлі де, 1,4%-ныкі қазалы болды.

Мұндай қауіпті жаманшылықтың себептері мынадай: жоғары биологиялық белсенділік әрекеті бар препараттардың көптігі, халықтың химиялық және биологиялық заттарға сенсибилизациялылығы (яғни, аллергияшылдық), дәрілерді ұтымсыз пайдалану, медициналық қателіктер, сондай-ақ сапасыз дәрілік заттарды қолдану. Сонымен қатар, нарықта көптеген компаниялар – өсімдік негізінде дәрілік препараттардың өндірушілері бар. «Бионорика» өзінің философиясы болып қалыптасқан «ФИТОНИРИНГ» тұжырымдамасын әзірлеп шықты!

Phytoneering (phyto – өсімдік және Engineering/Pioneering – инжиниринг/алғашқы болу) – өсімдік белсенді заттарды зерттеу және заманауи ғылыми әдістер мен жаңашыл технологиялар негізінде оларды кейіннен өңдеп-әзірлеу.

Тұжырымдама келесі қағидаларға негізделеді:

ӨЗІНДІК ТҰҚЫМДЫҚ ҚОР – өсімдіктердің химиялық құрамы мен фармакологиялық бағытын зерттеу, тұқымдарды гендік түрлендіру әдістерін қолданусыз іріктеу, тек қана табиғи сұрыптау.

ӨЗІНДІК АЛҚАПТАР (ПЛАНТАЦИЯЛАР) – ең көп мөлшердегі пайдалы құрамдастары бар «мінсіз» өсімдікті өзіндік алқаптарда оңтайлы экологиялық жағдайларда өсіру. Біздің алқаптар Германия, Венгрия, Испанияда орналасқан.

ӨЗІНДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР – дәрілік шикізатты әрекетті заттарды барынша сақтап, төменгі температуралы вакуумдық экстракциялау әдісімен өңдеу және экстракциялау. Бұл сірінділердің құрамында өсімдіктер аллергендері жоқ. Мысалы, Бронхипрет препаратын өндіруде 1 кг кептірілген тасшөптен тек 13 грамм белсенді заттар алынады.

ӨЗІНДІК ӨНДІРІС – дайын стандартталған өнімді барлық кезеңдердегі сапа бақылауымен өндіру (GMP стандарты).

Дәлелдік медицина қағидаларын препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу үшін пайдалану. «Бионорика» препараттарының тиімділігі мен қауіпсіздігін еуропалық ғалымдар мен ТМД елдерінің ғалымдары дәлелдеген.

«Фитонирингілік Компания» ретінде біз көптеген ауруларды емдеу үшін жаңа жолдарды және жаңа мүмкіндіктерді ашамыз, сол арқылы бүгінгі медицинаны күн сайын неғұрлым «өсімдікті» етеміз.

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта