Біздің тарихымыз


grndung-und-anfnge_01
1933
Йозеф Попп – қазіргі Басқарма Төрағасы, профессор Михаэль А. Попптың атасы – Нюрнбергте компанияның негізін салған. Дәрілік өсімдіктерге нағыз қызығушылық таныта отырып, Йозефф Попп сол уақыттағы бар болған барлық тиісті ақпаратты жинап, зерделеген, және сонымен тоқтап қалмаған. Попп жасаған дәрілік шөптердің белсенді заттарының алғашқы сипаттауы қазіргі фитофармацевтикалық препараттардың негізін қалады. Алғашқы болып келесі өнімдер әзірленді: мұрын жанындағы қуыстардың қабынуымен күресуге арналған Синупрет® және тыныс жолдарының инфекцияларын емдеуге арналған Имупрет® (Тонзилгон Н®). 

1945 
Компанияны басқаруға әулеттің екінші ұрпағының өкілдері келді: фармацевт Эрна Попп және дәрігер-натуропат д-р Ханс-Оскар Попп. Эрна Попп өнімнің өнеркәсіптік шығарылуын жолға салды және оны өткізудің желісін ұйымдастырды. Көп жылдық дәрігерлік тәжірибесінің арқасында д-р Ханс-Оскар Попп компания шығаратын өнімдердің әзірленуіне маңызды үлес қосты.

fortschritt-und-forschung_02
1970 
«Бионорика АГ» тәжірибелік жүргізетін дәрігерлерге көмек көрсету үшін ғылыми-кеңестік желі құрды.

1979 
«Бионорика АГ» қосарлық соқыр әдіспен өткізілетін бақылауы бар зерттеулерде дәрілік өсімдіктер негізіндегі препараттарды сынақтан өткізе бастаған алғашқы фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылды. Ғылыми іздеулер компания үшін өсіп келе жатқан маңыздылыққа ие болды.

1988 
Компанияның басшылығына профессор Михаэль Попп келгеннен кейін “Plantamed Arzneimittel” өндірістік компаниясы Нюрнбергтен Ноймарктіге (Бавария) ауыстырылды. Нюрнбергтің орталығындағы жайлар компанияны күтіп тұрған даму қарқыны үшін өте тар болды.

1989 
Профессор Михаэль Попп «Бионорика АГ» компаниясы басқармасының Төрағасы болып тағайындалды. Компания негізін қалаушының немересі оны кеңейту жөніндегі бағытты жалғасытырып, өсімдіктерді өңдеу, талдау әдіснамасы, фармакология және токсикология, сондай-ақ клиникалық сынақтар саласындағы қарқынды зерттеулердің өткізілуіне көмектеседі. 1990 жылдың жазында «Бионорика АГ» компаниясы да Ноймарктіге көшеді. Жас фармацевттің басқаруымен компания фитомедицина саласындағы пионер болады.

internationalisierung-und-expansion_03
1993 
Компанияның Германия шегінен шығуы нәтижесінде Будапештте (Венгрия) «Бионорика АГ» компаниясының меншік зауыттарын басқаратын Herbextract және Mediplant компаниялары құрылды.

1995 
Германияның шегінен тыс жерде өткізілім жөніндегі ұлттық және халықаралық серіктестермен қызметтестікте бизнесті кеңейту. Майоркте дәрілік өсімдіктерді өңдеу және арнайы сірінділерді өндіру үшін «Бионорика Extracts S.L.» компаниясы ашылды.

1996 
«Бионорика АГ» компаниясы үшін маңызды меже: кәдімгі қышқыл қымыздық негізінде Синупрет® препараты әзірленді. Бұрынырақ бұл өсімдіктің қабынуға қарсы қасиеттері белгісіз болған. Сондай-ақ бәйшешек пен нарқайсар өсімдіктерінің вирусқа қарсы әрекеті де ашылды.

1997 
«Бионорика АГ» тұқымдар селекциясынан бастап өсімдіктерді өңдеу және экстракциялауға дейінгі бүкіл өндірістік процесті жоғары сапа деңгейін қамтамасыз ете отырып, стандарттады.
Компания Мәскеуде өкілдігін ашты.  

1998 
«Бионорика АГ» компаниясы Бейжінде жаңа еншілес компаниясын құрды.

etablierung-und-wachstum_04
1999 
Тыныс жолдары ауруларына қарсы құралдарға қосымша гинекологиялық препараттардың шығарылымы табысты басталды. Витекс Священныйдің зерттеуі зерттеу жұмыстары арасындағы бастыларының бірі болды. Сол жылы «Бионорика АГ» компаниясы оның ЕАС (ПМС), фиброздық-кистоздық мастопатия мен мастодиния белгілерін бәсеңдететін белсенді ингредиенттерін табысты сәйкестендіреді.

2001 
«Бионорика АГ» акционерлік қоғам болады. Өсімдіктер (phyto) мен қазіргі заманғы технологиялар (engineering) арасындағы өзара байланыстық компанияның жаңа ұранында өз көрінісін тапты: «Бионорика АГ»: фитонирингтік компания (phytoneering company).  
Киевте өкілдік ашылды.

2002 
Delta 9 Pharma («Бионорика АГ» тобының компанияларының бірі) Германия нарығына қарасораның фармакологиялық тұрғыдан тиімді құрамдасын шығарды. Таза түрдегі белсенді зат фармацевттерге дәріні жасауға арналған жиынтықпен бірге жеткізіледі. Каннабиноид ауыру кезінде, шашыранды склероз немесе қатерлі ісікті (рак) және АИВ-инфекциясы кезінде қосалқы емдеу ретінде беріледі.

2003 
11-13 қыркүйек күндері «Бионорика АГ» компаниясы өзінің құрылғанына 70 жыл толғандығын атап өтеді.
Компания Беларусь (Минск) пен Қазақстанда өкілдіктер ашты.

2005 
Инсбрукте Бионорика Research GmbH – тыныс жолдары ауруларын емдеу және шашыранды склерозбен немесе бұлшық ет құрысуымен ауратын науқастардың ауыруларын жоюға арналған дәрілік өсімдіктер негізіндегі препараттарды зерттеу және әзірлеумен айналысатын Австриядағы алғашқы меншік ұйымның ашылу рәсімі өтті.

2007 
Проф. М. Попп ауру балалар мен жетім балаларға көмек көрсету мақсатында әртүрлі елдерде балалар үйлері мен ауруханаларда «Фитокидс» қорын ашады. Өз қызметінің шеңберінде Қор балалар ауруханаларында, соның ішінде Мәскеу мен Ростов-на-Дону қалаларында бірнеше ойын бөлмелерін ашты. Тағы бір ойын бөлмесі осы жылы … Санкт-Петербург қаласының балалар ауруханасында пайда болады.

2007 
Ноймаркт қаласында, Германия, компанияның штаб-пәтерінің жаңа ғимараты салынды. Бұл ғимарат бірегей жоба болып табылады, өйткені ол экологиялық таза материалдар мен технологияларды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғау және адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес салынған. «Табиғатты қанаудың орнына біз оның ресурстарын ғана парасатпен пайдаланамыз, – дейді проф.М. Попп, – Бионорика АГ компаниясы осы тұжырымды ұстанады және оның біздің кеңселік ғимаратымыздың жобасында көрініс табуын қалайды».

2008 
Бионорика АГ өзінің 75 жылдық мерейтойын тойлайды. Компанияның туған күніне Германияның экономика және технологиялар министрі, әйгілі саясаткерлер мен кәсіпкерлер, Еуропа, Азия және Американың түрлі елдерінің медицина салаларындағы жетекші мамандары шақырылды.

Сол жылы проф. М. Попп Германиядағы «Жылдың үздік кәсіпкері» (Ernst&Young) марапатына ие болады.

2009 – июль 
Бионорика АГ алғашқы рет Мәскеудегі өтіп жатқан Еуропалық педиатрлар конгресінің күміс демеушісі болады. Германиядан келген проф. Гуггенбихлер, Эрланген қаласы Балалар ауруханасының инфекциялық аурулар мен профилактикалық медицина кафедрасы, проф. Мауне, Кельн қ., ЛОР клиникасының бас дәрігері және проф. Попп, Бинорика АГ CEO компаниясы, Ноймаркт, өз баяндамаларында балаларды емдеудегі фитопрепараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жаңа деректерді ұсынды. 

Сол айда компания «Бионорика АГ» компаниясы әзірлеп, патенттеген «фитониринг» тұжырымдамасының 10 жылдық мерейтойына сабақтастырылған Майорка аралындағы фитотерапия бойынша халықаралық симпозиумды өткізді. Симпозиум шеңберінде Ресей мен ТМД басқа елдері, Еуропа елдері, Америка және Қытайдың сарапшы дәрігерлері «Бионорика АГ» компаниясының препараттарымен көптеген жылдар бойы істеген жұмыс барысындағы клиникалық бақылаулар нәтижелерімен бөліседі.

2010 
Бионорика АГ (Bionorica AG) өзінің заңды түрін Societas Europaea – еуропалық компания ретінде ауыстырады, және қазіргі уақытта Ноймаркт қаласында бас кеңсесі бар Бионорика СЕ (Bionorica SE) деп аталады. 

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта