“Phytokids” қоры


logo_phytokids_stiftungbild_132_phytoland_moskau«Phytokids» қоры – ауру және жалғыз балаларға көмек
«Егер біз балалардың өмірге деген құштарлығын қайтару үшін өз үлесімізді қоса алсақ, біз онда әлемнің жақсаруына адал үлесімізді қосқандығымыз», – міне, дәл осылай профессор Михаэль Попп, Бионорика SE директорлар кеңесінің төрағасы өзінің Phytokids қорын құруға не итермелегенін түсіндіреді. 2007 жылы құрылған Қордың мақсаты – дүние жүзі бойынша ауруханалар мен балалар үйлеріндегі балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету, күту мен қолдау көрсету.

Phytokids қоры әсіресе аса мұқтаждық көретін ауру және жалғыз балалар болатын салаларда белсенді жұмыс істейді. Сондықтан алғашқы жобалар Шығыс Еуропадағы көптеген ауруханаларды қолдайды, бұл жерлерде жағдайлар көбінесе алаңдаушылық туғызады және жылдам қалпына келуге, әсіресе осындай кішкентай науқастар үшін қолайсыз болып келеді.

Қор жедел талап етілетін медициналық құрал-саймандар мен дәрілерді, сондай-ақ ауру балалар тұрып, емделетін ғимараттарды қалпына келтіруге керек қаржыны жеткізеді.

133_phytoland_gelsenkirchen

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта