Бионорика компаниясының бас кеңсесі


unternehmenБіз табиғи ресурстарға қанаушылық көрсетпей, оларды ұтымды пайдаланымыз. Бұл Бионорика өз қызметін негіздейтін қағида болып табылады, және де бұл әдіс біздің штаб-пәтерде көрініс табуы керек деп мәлімдейді Бионорика компаниясының төрағасы, профессор Михаэль Попп.

2007 жылдың шілде айында Бионорика компаниясының штаб-пәтерінің құрылысымен айналысқан құрылыс компаниясына қойылатын талаптар өте жоғары болды: біріншіден, оның құрастырмалары мен осы мақсатта пайдаланылатын материалдарының қоршаған ортаға барынша аз жүк түсіруі тиіс болатын, және де, екіншіден, ғимарат қанша энергия тұтынса, соншалықты қуат та өндіруі керек болды. Құрылысқа жетекшілік еткен сәулетші Вольфганг Бреммер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі белгілі агенттік директоры, профессор Михаэль Браунгарт басшылығымен беделді команда Германия үшін барып тұрған үздік құрылыс объектісін пайдалануға берілді.

Баламалық энергияның күрделі ұғымының көмегімен осы жобада талап етілген, және де Бионорика компаниясының философиясын айқындайтын барлық шарттар орындалды.

Ғимараттың тұтынатын энергия орнына соншалықты энергия өндіретіндігіне жоғары технологиялық күн жабдығының арқасында көз жеткізуге болады. Ғимараттың шатыры мен қасбеті ең жаңа буын күн элементтерімен қапталған. Бұл күн жарығының шатыр арқылы сорылып қана қоймай, ғимараттың бүкіл тысы бойынша таралатындығын білдіреді. Осы мақсатпен фотоэлектр жүйелері тікелей терезе шыныларына орнатылып, құрылған.

Осы жүйелерде пайдаланылатын қазіргі заманғы технологияның және жаңартылатын ресурстарды пайдаланудың арқасында Бионорика штаб-пәтеріне қажет жылу барлық дерлік өндірісі мен ауаны кондиционерлеу (желдету) жүйелері көміртек-бейтарап болып табылады. Сол арқылы компания қазбалы отынды пайдаланумен салыстырғанда, жыл сайын 1100 тонна көмірқышқыл газды үнемдейді.

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта