Бионорика Қазақстанда және Қырғызстанда.


Бионорика Еуразия аймағының басшысы: Матиас Клаус
Зигфрид_Байер

Қазақстан мен Қырғызстандағы Бионорика СЕ өкілдігінің басшысы Калиниченко Оксана Юрьевна
Оксана_Юрьевна

Соңғы жылдары “Бионорика CE” компаниясы, алдымен Ресей мен ТМД елдерінде өз қызметін кеңейте түсті. Сонымен, Украина (2011), Белоруссияда (2002) және Өзбекстанда (2005) «Бионорика СЕ» компаниясының өкілдіктері ашылды.

2003 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасында «Бинорика СЕ» компаниясының Өкілдігі ашылды. Өз жолымыздың басында-ақ негізгі басымды бағыт ретінде фитофармацевтикалық нарықтағы озық орынға лайық болу мақсаты таңдалған болатын.

Бұл жолымыз тар және тайғақ болғанымен, ұжымның қажырлы жігері мен қойылған мақсатқа ұмтылу талабы фармацевтикалық нарықтың фитопрепараттар сегментіндегі озаттардың қатарына жеткізді. Қазіргі уақытта бізде Қазақстанның барлық қалаларында 60 аса қызметкерлер жұмыс істейді. Біз жетекші медициналық ЖОО, ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, қызмет етіп келеміз.

Жыл сайын біздің Өкілдік республикада өткізілетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, форумдар мен семинарларға белсенді түрде қатысады. Опинион озаттары мен дистрибьюторлармен белсенді жұмыс жүргізіледі. Біздің дәрі-дәрмектер адам ауруларының алдын алу және оларды емдеуге арналған қауіпсіз және тиімді дәрілік құралдар ретінде танылды.

Қазақстандағы «Бионорика СЕ» компаниясы Өкілдігінің тіркелген препараттарының алғашқысы болып “Климадинон” және “Мастодинон” препараттары табылады. Содан кейін 2003 жылдың маусым айында “Синупрет”, «Имупрет” және “Канефрон H” тіркелді. 2003 жылғы қазан айында біздің компаниямыздың дәрілік препараттарының бірініші жеткізілімі жүзеге асырылды. 2013 жылы біз қазақстан нарығындағы табысты еңбегіміздің 10 жылдығын атап өтеміз.

Қазақстандағы Бионорика компаниясының ілгері жылжытатын басты күші – бұл кәсіби және бейқамдық танытпайтын адамдар командасы, олар компанияны елдің әр аймағында лайықты түрде көрсете біледі. Бәріміз үшін команда – бұл екінші отбасымыз, және де сондықтан да шығар, Өкілдікте кадрлардың тұрақтамаушылығы байқалмайды, әркім өзінің жұмысын бағалай біледі. Жаңа қызметкердің алғашқы жұмыс күндерінен-ақ бастап кәсіби түрде де, рухани жағынан да өскенін көру қуанышты, себебі нағыз командада бірінші кезекте адамгершілік әлеуеті дамиды ғой.

Жақын арадан бері біз Қырғызстанда жұмыс істей бастадық, және де аздаған уақыт ішінде жақыс нәтижелерге қол жеткіздік. Біздің қызметкерлер Бішкек және Ош қалаларында табысты жұмыс істейді. Сондай-ақ Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы және жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарымен қызметтестік жолға қойылды.

2014 жылы Моңғолияның фармацевтикалық нарығына шығу жоспарланып отыр.

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта