Компания басшылығы


Бас директор және директорлар кеңесінің төрағасы: профессор д-р Михаэль А. Попп

Prof. Michael Popp, Bionorica SE, MSCN1988 жылы 28 жасар фармацевт Михаэль А. Попп өзінің атасы Йозеф Попп 1933 жылы негізін қалаған компанияны басқаруды өз қолына алды.
Ол компанияны бүкіл дүние жүзіндегі өсімдік негізіндегі дәрілік заттардың жетекші өндірушілерінің бірі деп ақарастырады, және «фитониринг» деген терминді қолданысқа енгізді. Бұл термин дәрілік өсімдіктер тиімділігі мен заманауи фармацевтикалық зерттеулер әлеуеті арасындағы байланысты білдіреді. Осындай қарқынды зерттеулер барысында компанияның негізгі құндылығы болып табылатын дәрілік құралдардың тиімділігі, сапасы және қауіпсіздігі айқындалады. Бүгінгі таңда жаһандық экспансия соның басшылығымен алға қарай жылжып, ал компанияның айналымдары жыл сайын артып келеді.

Маркетинг және сатулар жөніндегі директор: д-р Уве Бауман

Dr. Baumann, Bionorica SE, MSCNУве Бауманн микробиология және биохимия саласындағы докторлық дәрежеге ие және
Халықаралық фармацевтикалық компанияларда басшы қызметтерін атқарған. 2004 жылы д-р Бауман Бионорика компаниясының маркетинг және сатулар жөніндегі директоры болып тағайындалды.
2005 жылдан бастап ол маркетинг және сатулар жөніндегі алып басқарманың басына келді. Оның басшылығымен компания халықаралық нарықта үлкен табысқа жетті.

 
 
 
Қаржы және IT жөніндегі директор: д-р Михаэль А. Рёдель

Dr. Rödel, Bionorica SE, MSCN2007 жылдан бері д-р Михаэль А. Рёдель Бионорика СЕ компаниясының қаржы жөніндегі директордың лауазымында істеп келеді. Д-р Рёдельдің экономика саласындағы докторлық дәрежесі бар, және де ол ұлттық және халықаралық нарыққа бағытталған компаниялардағы жетекшілік қызметтерді атқарған.
Бионорика СЕ компаниясының қаржы департаменті қазіргі таңда халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтірілген. Оның басшылығымен тұрақты және жаһанды дамуға арналған құрылым енгізілген.

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта