Тасшөп


Post Thumbnail

Тасшөп 30-50 см биіктікте өседі және тік өсетін, қалың тармақталған және сүрек бұталардан тұрады. Оның қою жасыл, қандауыр жапырақтары киіз сияқты қылшықтармен қапталған, ұзындығы бір сантиметр және шеттері төмен қарай бүгілген.
Мамыр айынан бастап маусымға дейін тасшөптің гүлдену кезеңінде ол кішкентай, ашық қызғылт және күлгін түсті гүлдер береді. Тасшөптің өзіндік эфир майларының қанық, хош иісі бар. Тасшөп жабайы табиғатта өседі және негізінен Франция, Испания және Италияның оңтүстігінде кездеседі.
Тасшөпті пайдаланудың көне дәстүрі б.д.д. 4 ғасырдағы Гиппократқа қарай өрбиді. Ол демікпе пен ентігу, жөтел (көкжөтел) сияқты ауруларға ғана емес, асқазан-ішек ауруларын емдеуге ұсынылған. Өзінің жағымды хош иісінің арқасында тасшөп жапырақтары тағам әзірлеуде татымдылық ретінде пайдаланылады.
Қазіргі уақытта тасшөп негізінен суық тию салдарынан болған ауруларды емдеуде, мысалы, Бронхипрет ® өсімдік препаратында құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылады. Бронхипрет ® өсімдік препаратындағы сірінділер қоспасы қабынуларды бәсеңдетеді, тұтқыр емес секрецияның пайда болуына көмектеседі және бронхыларға құрысуға қарсы құрал ретінде әсер етіп, қақыруды жеңілдетеді, сондай-ақ патогендерге қарсы әрекет етеді.

Drucken
Post Thumbnail
Счетчик посещаемости и статистика сайта